Байкушикова Гульнара Серикбаевна «Халықаралық қатынастар» мамандығын екі шет тілін білетін «шетелтанушы» біліктілігімен сәтті аяқтады. 2008-2011 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша PhD докторантурасында оқыды. 2011 жылы «Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы экологиялық қауіпсіздік мәселелері: Еуропа елдерінің Орталық Азия үшін тәжірибесі» тақырыбында PhD докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Байкүшікова Г.С. Қазақстандық және шетелдік басылымдарда 40-тан астам ғылыми жарияланымдары бар, оның ішінде Scopus деректер базасында 4 мақала, 1 монография. 2010-2011 жж. Страсбург университетінің (Франция) Еуропалық қауіпсіздік және қорғаныс зерттеулері орталығында ғылыми тағылымдамадан өтті. 2013 жылы, 2014 жылы Орталық Азияның жас саясаттанушыларына арналған Мәскеуде өтететін жылдық мектептеріне қатысты. Жыл сайын оқу- әдістемілік және ғылыми білімін жетілдіру үшін ERASMUS бағдарламасының шеңберінде 2017, 2019, 2020 жылдары Марбург Университетінде (Германия) семинарларға қатысады. 2012 жылдан бастап Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары қызметін білікті атқарып келед, д.м.а.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Магистратура
2007

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ

Жоғары

2005

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
10.04.2012
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

6

Цитирования
17 по 14

құжаттар

h-индексі

4